МАҢЫЗДЫ❗
Жаз – бұл демалыс уақыты.Бүкіл отбасымен судың жанында демалу кезінде, балаларға ерекше назар аудару керек. Оларды бір минутқа қараусыз қалдыруға болмайды. Олар тек ересектердің бақылауымен шомылуы керек. Жасөспірім жастағы ересек балалар, егер өздері су айдынына баратын болса, терең шұңқырлар, күшті ағымдар, иірімдер немесе үлкен толқындар болмаған жағдайда, тек осы үшін арнайы бөлінген қауіпсіз тексерілген түбі бар жерлерде ғана жүзуі тиіс. Көптеген жазатайым оқиғалар дәл тыйым салынған жерлерде шомылуға байланысты орын алады.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
– тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған басқа да орындарда шомылыңыз;
– суға шомылу кезінде бірін-бірі көз алдынан жоғалтпау қажет;
– жағалаудан қалқалар мен қоршау белгілерінен аса жүзбеңіз;
– жүзе алмай, жүзу үшін шеңберлерді, үрлемелі матрастарды қолданбаңыз;
– қайықтарға жақын жүзбеңіз;
– ұзақ уақыт шомылмаңыз, гипотермия және шаршау мүмкін;
– түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
– балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз өзіміздің және балаларымыздыңбаға жетпес өмірін сақтаймыз.