"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім  бөлімінің жанындағы Бозайғыр ауылының"Бөбек" балабақшасы" Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное комунально казенное предриятие "Детский сад "Бөбек" села Бозайгыр при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыкалық жетекші лауазымына конкурс

01.08.2022

Бозайғыр а. "Бөбек" балабақшасы" МКҚК мемлекеттік білім беру ұйымы арнайы педагогі – музыкалық жетекшісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  •  

  «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы» МКҚК  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 12 ақпандағы № 57 Бұйрығына « Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» сәйкес мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының арнайы педагогінің музыкалық жетекшісі (декреттік демалыс орны)  бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

«Бөбек» балабақшасы» МКҚК негізгі қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

 Лауазымдық міндеттері.

 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамытуды жүзеге асырады. Музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген. Музыкалық және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен жеке жұмыс жүргізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды.

Дене шынықтыру сабақтарын, спорттық демалыстар мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруға қатысады. Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс тәжірибесіне озық тәжірибені енгізеді.

Ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді. Музыкалық даму деңгейлерін қадағалайды. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

Білуге тиіс:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әртүрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармаларды, сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін. музыкалық қабылдау, эмоциялар, түрлі жастағы балалардың моторикасы мен музыкалық мүмкіндіктері, балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі, музыкалық аспапты кәсіби меңгеру, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері, Экономика негіздері, еңбек туралы заңнама; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім (арнайы орта, кәсіптік орта).

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары музыкалық білімі және музыкалық жетекші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың алуан түрлі қазіргі заманғы әдістемелерін, балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуын диагностикалау элементтерін меңгеруі, балалардың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістемелері болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және музыкалық басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың алуан түрлі қазіргі заманғы әдістемелерін, балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуын диагностикалау элементтерін меңгеруі, балалардың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және музыкалық басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістемелері болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және музыкалық басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. 

 

Просмотров: 186


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст