Текст
Құрметті Бозайғыр ауылының тұрғындары!!!
Балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әрбір ата-ана өз бетімен баланы кезекке қоя алады, кезек нөмірін көре алады, балабақшадағы бос орынды бақылай алады, сондай-ақ баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама ала алады. Ол үшін ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы akmola.kz сайтына өту қажет. Қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда. Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы» МКҚК хабарласуыңызды сұраймыз және біз сізге міндетті түрде көмектесеміз. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою бойынша бұл мемлекеттік қызметті біздің балабақша көрсетеді !!! Байланыс телефоны 25-160