Текст
08.05.2026
«7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні.
Бұл мереке — еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзеткен айбынды әскерімізге көрсетілетін құрметтің белгісі. Балабақшамызда бұл күннің маңызы ерекше: біз бүлдіршіндерді отансүйгіштікке, батылдыққа және елін, жерін сүюге тәрбиелейміз. Болашақ батырларымыздың бойында намыс пен қайратты шыңдау — біздің басты мақсатымыз. Барша ер-азаматтарды айбынды мерекемен құттықтаймыз!»