10.12.2025
5-желтоқсан “Бөбек” балабақшасында облыстық семинар өтті. Семинарымызға Қорғалжын ауданынан, Аршалы ауданынан және де Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардан педагогтар келіп қатысты.
Балабақшамыздың ата-аналары да семинар қатысушысы болып бой көрсетті.
Семинар Тақырыбы: «Ата-аналарға кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру. Консультациялық орталықтар арқылы ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»
Мақсаты:
Ата-аналарға баланың жас ерекшеліктері, психологиялық даму кезеңдері, тәрбие әдістері туралы ақпарат беру. Ата-аналарға баламен қарым-қатыныс орнату, қиындықтарды шешу жолдары туралы кеңес беру.
Семинар қонақтары қортынды бойынша өте жоғарғы деңгейде өтті деген пікірлер айтты.